Сарып – аса қауіпті жұқпалы ауру

48
фото Ақтөбе.кз

 

Сарып ауруы – адамға мал арқылы жұғатын аса қауіпті жұқпалардың бірі, ол тірек-қимыл аппаратын, жүйке жүйесін, несеп жыныстық және жүрек-тамыр жүйесіне зақым келтіреді.

Қоздырғыштар сыртқы әсерлерге тұрақты келеді: сүтті тағамдарда 10 немесе одан да көп күндерге сақталады, мал жануарларының терісінде 3-4 айға дейін, суда 5 айға дейін, топырақта 2-3 айға дейін сақталады. Ұсақ малдардың арасында аса үлкен қауіпті төндіретін ұсақ басты мал болып табылады (қойлар мен ешкілер). Аурудың қоздырғыштары сарып ауруымен ауыратын малдың сүтінен, түсігінен, жатыр суынан, плацентасынан, несебінен бөлінеді. Аурудың қоздырғыштары адамға малды күту кезіндегі уақытта тері арқылы, төлдеу  кезінде, ауру малды қораға қамайтын уақытта, малды қырқу кезінде жұғады. Тұрмыста: сарып ауруымен ауыратын малдың қайнатылмаған сүтін, қаймақты, майды, ірімшікті  пайдаланған жағдайда, термикалық әдіспен сапасыз  өңделген етті пайдаланған жағдайда жұғады.
Сарып ауруының негізгі белгілері: ауру жұқтырғаннан кейін 7-30 күн ішінде байқалады  тез шаршау, тамаққа тәбеттің жоқтығы, бас ауруы, әлсіздік белгілері. Ем қабылдамаған жағдайда науқастың дене қызуы 38-39 градусқа көтеріліп, жоғары және төменгі дене бітімі буындары мен арқаның ауруы, мойын және қолтық астындағы бездері үлкейеді. Түнгі уақытта тершеңдік байқалып, ұйқы кетеді. Уақытында дәрігерлік көмекке жүгінбей, өз бетімен ем қабылдаса, ауру сақтаулы формаға көшеді, арқадағы сырқат ұлғайып, дене бітімдерінің ісуі одан сайын күшейеді, қимылдаған кезде буынның ауруы артады да, қозғалуы шектеледі. Буындар сұйықтықпен толып, бұзылады, екі-үш жыл ішінде арнайы ем қабылдамаса, кейбір ауруға шалдыққан адамдар толығымен еңбекке қабілеттілігін жоғалтып, мүгедек болып қалады.
Жануарларда сарып ауруының негізгі белгілері: ақсақтық, сауылатын малдың сүт бездерінің, буындарының ісіп кетуі, түсік тастауы. Мұндай жағдайда міндетті түрде мал дәрігеріне жүгіну керек. Егер де жұқпаның көзі – ауру мал, ал таралудың негізгі факторы мал өнімдері екенін ескерсек, онда ең алдымен ауру көзімен күресу шарт. Ол үшін аула иелері мен ауыл шаруашылық құрылымдарының иелері әкімдік және ветеринарлық қызметпен бірлесе барлық мал басының есебін жүргізу керек. Мал басының сарып ауруына уақытылы тексерілуін қамтамасыз етіп, мүмкіндігінше малды басқа да жұқпалы ауруларға тексеру керек. Ауру мал анықталған жағдайда,  оларды сау мал басынан бөлек ұстауды қамтамасыз ету шарт, содан соң осы ауру малды арнайы  сою пунктіне  не сою алаңына қамау керек (бекітілген ережелерге сәйкес 5 күн ішінде). Балалар мен жанұя мүшелерінің арасында аурудың алдын алу мақсатында ауру малдың төлін үйге енгізбеу керек. Сүтті немесе етті тағам сатып алған кезде сатушыдан малдың саулығын растайтын мал дәрігерінің анықтама қағазын көрсетуін сұраңыз. Аурудың белгілерін анықтаған кезде ауру малдарды жасырып, сол малдың сүт және ет өнімдерін сатпау керек. Онымен өз денсаулығыңызға және өзіңіз үшін жақын және қоршаған адамдарға зиян келтіресіз.

 

 Д.Т.Садуллаева,      

Тұран  ауданы

СЭББ-ның

         

  бас маманы