Шымкенттік әйел жалған адвокатқа сеніп, 7 млн теңгесін теңгесінен айырылды

163

(Фото: @Shutterstock)

Шымкентте бұрынғы күйеуінен баласына алимент өндіре алмай, әуре-сарсаңға салынған әйел жалған адвокатқа тап болған.

Полицияға арызданған жәбірленушінің айтуынша, өзін адвокат ретінде таныстырған ер адам алимент өндіріп беруге уәде еткен. Ол бұл қызметін 7 миллион теңгеге бағалаған. Оған сенген әйел ақысын төлеп, есесіне ешқандай заң көмегін алмаған. Ал қомақты қаржыны иеленген алаяқ байланысқа шығуды түбегейлі тоқтатқан.

Жедел уәкілдер іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басын анықтады. Күдікті Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.