Тіркелмеген атыс қаруымен қолға түсті

25
фото Елорда. инфо

2023 жылдың 30 қазан Отырар аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен әкімшілік ісі қаралды. Сотта анықталғандай, 2023 жылғы 4 қазанда сағат 17:00 шамасында Түркістан облысы, Отырар ауданы, Аққұм ауылына қарасты «Ащы құдық» деп аталатын мал жайылымдық жерде, ішкi iстер органдарында тiркелмеген қару 12-калибрлі «ИЖ-27» модельді, ұңғыдағы зауыттық нөмірі «22311» санды тегіс ұңғылы, аңшылық отты атыс мылтығын өзімен бірге алып жүрген.

ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігіне сәйкес ішкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау әрекеті үшін қару тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатыны көзделген.
Іске тіркелген Отырар АПБ-нің мәліметіне сай, құқық бұзушыдан алынған қару ішкi iстер органдарында тiркелмегені анықталды. Сот қаулысымен әкімшілік құқық бұзушы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, қару тәркілене отырып, 69 000 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Тәркіленіп алынған 12-калибрлі тегіс ұңғылы аңшы отты атыс мылтығы қаулы заңды күшіне енген соң жойылады. Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.