Су есептегіш құралдарын ұрлап кеткен

23

2023 жылдың 28 желтоқсанына қараған түні Шымкент қаласындағы Қызылсу және Стадион көшесіндегі тұрғын үйлердің жеке су есептегіш құралдары ұрланды.  Стадион көшесіне түскен ұрылар су өлшегіштері бар торапты ашып, 4 құралды қолды еткен, қалғандарын алып үлгермеген сыңайлы. Қызылсу көшесінде суды жауып, екі құдықшада орналасқан 11 есептегішті бөлшектеп алып кеткен.

Оқиға орнына шақырылған полицейлер алдын-ала тергеу шараларын жүргізіп, фото және бейнетүсірілім жасаған, саусақ іздерін түсірген.

Айта кетейік, ұрланған есептегіш құралдарын пайдалану мүмкін емес, себебі олардың зауыттық нөмірлері «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің базасында есепке алынған. Сарапшылар жезден жасалған су есептегіштері металл сынықтарын сатып алушыларға өткізілуі мүмкін дейді. Ал ұрланған мүлікті сатып алуға барғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Аудандық су арнасының қызметкерлері сумен жабдықтауды тез арада қалпына келтірді. Ал, су өлшегіш тораптарынан деректерді дилерлік ұйымдардың өкілдері және су құбыры желілерін пайдалануға жауапты аудандық су арналарының қызметкерлері ғана ала алады.

Осы оқиғаға байланысты, жеке үй тұрғындарынан күдікті адамдарды байқаған болса және қажет болған жағдайда кәсіпорынның тәулік бойы жұмыс істейтін диспетчерлік қызметіне +77081102121 (whatsapp) телефоны арқылы қоңырау шалуды сұраймыз.