«Изуми» сауда орталығына түркиялық дизайнерлердің келуі дәстүрге айналды

34

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Изуми» сауда орталығына түркиялық дизайнерлердің келуі дәстүрге айналды. Биыл Изуми басшылығы атақты Sürücü  фабрикасымен келісім жасады. Соның арқасында Шымкент қаласының тұрғындары сапалы әрі сәнді, бренд киімдерді қолжетімді бағада сатып алуда.

Енді Изуми сауда орталығына келушілер сапалы әрі сәнді, танымал sürücü брендінің киімдерін ала алады. Аталған келісімшартты түзуге Стамбулдан арнайы өндіріс басшылығы келді.

Kadir  Sürücü, Sürücü  костюмдер фабрикасының иесі: «Бұл менің Қазақстанға екінші рет келуім. Ал Шымкентке бірінші рет келіп тұрмын, әдемі қала екен. Біздің өндіріс орнымыз Стамбулда орналасқан. 250 қызметшіміз бар. Изуми атты сауда орталығымен серіктестік орнатқанымызға өте қуаныштымын».

Изуми сауда орталығы 20 жылдан бері сәнді әрі көпке белгілі Gauche брендімен де келісімшарт орнатқан. Олардың топ-менеджерлері үнемі Шымкентке жаңа топтаманы көрсетуге, қызметкерлерді оқытуға келіп тұрады.

Bulent Deger,  “Gauche” брендінің топ менеджері:  «Біздің Изумимен жұмыс істеп келе жатқанымызға 20 жылдан асты. 20 — дан астам елге жейде тігеміз. Трендтегі көйлектеріміз, мәселен, мерсерленген матадан жасалған жейде. Олар теннискалар секілді жақсы созылады. Non Iron-топтамасындағылар, үтіктеуге өте ыңғайлы».

Аяқ-киім таңдауда — стиль мен жайлылық басты назарда болады. Изуми сауда орталығынан ерлерге арналған аяқ-киімдердің жас бұқа, питон, түйеқұс және бұғы терісінен дайындалған танымал Silvio Totti /сильвио тотти/ брендінің эксклюзивті тауарларын табуға болады. Ал жаңа топтаманы арнайы Стамбулдан келген Зафар Йылмаз таныстырды.

Zafаr Yilmaz,  «Silvio Totti» аяқ киім фабрикасының иесі: “18 жылдан бері Изумимен жұмыс істейміз. Осы уақытқа дейін бір отбасыдай болып кеттік. Ал Шымкент екінші үйімізге айналды. Біздің фабрикамыз өте сапалы әрі мықты итальяндық маркадағы аяқ-киімдерді Түркияда шығарады. Біздің аяқ-кимідеріміздің жайлы болуына жұмыс істейміз: Сол себептен, классика мен casual- стильді біріктірдік».

Бірнеше жылдардан бері Изуми сауда орталығы танымал ерлер киімдері мен аяқ-киімдері брендтермен серіктес. Үнемі дүкенге өз тауарларын ұсынуға және қызметкерлерді оқытуға компания өкілдері келіп тұрады. Бұл, Шымкент тұрғындарының тек сәнді тауар ғана емес, сонымен қатар жайлылық пен ыңғайлылық сыйлайтын киім-кешек алатынына кепілдік береді.

 

Мекен-жайы: IZUMY киім дүкені , Бәйдібек Би даңғылы, 53.