Мәслихат сессиясында Асанбай Асқаровқа ескерткіш орнату ұсынылды

Шымкент қаласының орталық саябағында жерленген сарбаздардың мәйітін қайта жерлеу ұсынылды. Бұл туралы қалалық мәслихаттың қорытынды сессиясында төраға Бахадыр Нарымбетов ұсыныс білдірді. Қала әкімі де бұл пікірді қолдап, сарбаздар жерленген аймақ -адамдар көп шоғырланатын саябақ екендігін атап өтті. Сонымен қатар, жиында мегаполис басшысы қалада атқарылған жұмыстар туралы депутаттар алдында есеп берді.

Орталық саябақтағы жерленген сарбаздардың мәйітін басқа орынға қайта жерлеу мәселесі көтерілді. Бұл ұсынысты Шымкент қаласы мәслихатының сессиясында төраға Бахадыр Нарымбетов айтты. Қазір жастар сарбаздардың моласы бар аймақта орналасқан аймақта ештеңден күмәнданбай асыр салып ойнайды. Төраға, «өлі разы болмай, тірі байымайды» деген нақылды ескере отырып, бұл мәселені біржақты шешу қажеттігін айтты.

Бахадыр Нарымбетов, Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы: «Орталық саябақта тура ортасында мәйіттер жерленген. Ол біздің орталық саябақ, ол жерде балалар ойнайды, жүгіреді, ал ол жерде біреулердің моласы тұр. Олардың да рухы риза болу үшін қайта жерлеп, ол жерге тұлғаларымыздың ескерткішін қойып осы мәселені шешсек деп ойлаймын».

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бұл ұсынысқа қолдау білдірді. Сондай-ақ, жиында дендросаябаққа Асанбай Асқаровтың ескерткішін орнату туралы да сөз болды. Төрағаның айтуынша, қазіргі уақытта ескерткіш дайын тұр, тек орнын белгілеп орнатса болғаны.

«Асанбай Асқаров пен Қонаевқа ескерткіш қою мәселесі. Қазір ол ескерткіштер біреудің шеберханасында тұр айдалада. Әруақатардан ұялатын болдық қой. Ол кісілердің Қазақстанға сіңірген еңбегі, А.Асқаровтың Шымкентке сіңірген еңбегі даусыз. Соны бір жерге орнатсақ?«- деген сауал жолдады қалалық мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов.

«Мен бұл мәселені естіп жүрмін. Өз тарапымнан қолымнан келгенді жасауға дайынмын. Ортаға салайық, ақылдасайық. Қоғамдық кеңеспен, депутаттармен ақылдасайық. Айтқандарыңыздың бәр орынды«,- деді Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков.

Қорытынды сессияда қала әкімі мәслихат депуттарының алдында есеп берді. Халық қалаулылары мегаполис басшысының есебін бірауыздан қолдады. Баяндамадан соң, депутаттар Ғабит Сыздықбековке тұрғындардың өтінішін жеткізді.

Мәселен, Достық шағынауданындағы қоқыс полигоны мәселесі шешілмеген. Қала әкімі бұл проблема жуық рада шешімін тауып, шаһардағы заңсыз қоқыс полигондарының орны көгалдандырылатынын жеткізді.

Ғабит Сыздықбеков, Шымкент қаласының әкімі: «Сол жердің бәріне біз скверлер, халыққа ыңғайлы көгалдандыру жұмыстарын істейтін боламыз. Бұрынғы қоқыс полигоны да – үлкен мәселенің бірі болып табылады. Бәріміз жұмылып, сол жерді реттеп, тал егіп, бұл әр азаматтың парызы деп санаймын. Қанша уақыт алатынын білмеймін, бірақ ең жуық арада табиғи орман жасаймыз деген жоспарда бар. Қолға алып, істейміз.

Жиында Ғабит Сыздықбековке депутаттар тарапынан жол, бағдаршам, тұрғын үй салаларына байланысты көптеген сауал жолданды. Қала әкімі барлық мәселе кезең-кезеңімен шешілетінін айтып, жағдайды қатаң бақылауда ұстайтынын жеткізді. Сонымен қатар, мегаполис басшысы алдағы мереке күндері қалада коммуналдық қызметтер мен қауіпсіздік шарасы күшейтілетінін де атап өтті.