Өзбекстандық инвесторлар Сауран ауданында жүзім өсіруге ниетті

25
фото trt.net.tr

Сауран ауданында өткен бизнес форумда Өзбекстан елінен келген кәсіпкерлер ауданда жүзім өсіруді жоспарлап отыр. Шетелдік кәсіпкерлер жүзім кәсібіне 3,5 млрд.теңге инвестиция салмақ. Форум аясында өзбекстандық қонақтар жүзім өсірудің тиімділігін кеңінен түсіндіріп өтті. Аудан климатына қолайлы жүзімнің төрт түрімен таныстырды. Қазақстанда жүзімді өсіріп, алыс-жақын шетелдерге экспорттаудың да тиімділігін айтты.

Біршама жылдар бұрын ауданға қарасты Ескі Иқан ауыл округінде мыңдаған гектар алқапқа жүзімнің 12 түрі өсірілген. Өзбекстандық кәсіпкер жүзімді заман талабына сай плантацияда өсіруді қолға алмақ. Жоба іске асырылса, аудан жүзім алқабына айналмақ. Бизнес форум аясында Сауран ауданының әкімдігі мен шетелдік кәсіпкер арасында меморандумға қол қойылды.
Айта кетейік, инвесторлық жоба 2024-2029 жылдарға жоспарланған.