Пиротехникалық тауарларды қалай қолданамыз?

53

Мерекеде отшашуды дұрыс қолданбау – оқыс оқиғаның орын алуына бірден бір себеп дейді төтеншеліктер. Сондықтан олар отшашуды қолдану талабын түсіндіру жұмысын бастады.

Мамандар отшашуды сатып алмас бұрын, сатушыдан тауар лицензиясын сұрау керек дейді. Және оның қолдану техникасымен де танысу маңызды екенін айтады. Ал Шымкент тұрғындары пиротехниканы алмас бұл талаптарға мән бере ме?

Мамандар мерекелік отшашуды ғимараттың ішінде, ресторан, түнгі клуб, кафе сияқты жерлерде пайдалануға тыйым салынатынын ескертеді. Ал оны заңсыз сатумен айналысатындарға әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынатынын жеткізді.

Еркін Отарғалымұлы,  Шымкент қаласы ТЖ департаменті бастығының у.м.а., азаматтық қорғау полковнигі: «Пиротехниканы сатып алмастан бұрын сатып алушыдан қолдану  ережелерін сұрап алу керек. Қандай ерекшеліктері мен қауіптілігі бар, қандай мәселелерге мән беру керек деп. Сатушы міндетті түрде пиротехникаларды сатқан кезде сатып алушыға қаіпсіздік талаптарын айтып ескертуі шарт. Келесі мәселе егер мен пиротехниканы сатып алатын болсам, міндетті түрде оның нұсқаулығымен танысамын. Сыртында бәрі жазылған,қандау қауіпсіздік шаралары сақталу керектігі, неге жол беріледі, неге жол берілмейді».

Ал отшашуды қолданған жер мен тұрғын үй арақашықтығы 50 метр болу керек. Және оны қолданбас бұрын жоғарғы жақта ағаш, электр сымдарынының жоқтығына көз жеткізген дұрыс. Ең бастысы от шашуды балалар өз бетінше қолданбау керек дейді мамандар.

Еркін Отарғалымұлы,  Шымкент қаласы ТЖ департаменті бастығының у.м.а., азаматтық қорғау полковнигі: «Бұл ретте пиротехникалық бұйымның іске қосу уақыты әртүрлі. Біреуінікі 10 сек, біреуінікі 30 сек. Сол себепті іске қоспай тұрып, міндетті түрде нұсқаулықпен танысу керек. Онда барлығы жазылып тұр. Себебі ол нарыққа енгізілген болса, оған рұқсат берілген болса, ол ҚР заңдылығына сәйкес болады. Сол жерде барлығы қарастырылуы шарт, притоехниклаық бұйымдарды пайдаланған кезде көбінесе қосамыз жағамыз қосылмай жатады. Адамдар көп жағдайда оны орнынан қозғап, үстіне барып қарап, мынау атыла ма атылмай ма деген сияқты келеңсіз жағдайлар орын алып жатады. Олай жасауға болмайды».

Белгіленбеген жерде пиротехникалық тауарларды сатумен айналысқан аадмды байқасаңыз 102 нөміріне хабарласыңыз. Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкенттегі сауда орталықтарында 12 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17 пайызға  көп.