Саңырауқұлақтан уланудың алдын алу жұмыстары жүргізілуде

28
фото Стан.кз

 

 

Саңырауқұлақ өзінің ерекше дәмімен көпшілікке ұнайтыны белгілі, бірақ оны жинау мен сатып аларда түрлерін ажырата білу өте маңызды.

Ажырата білмей, улы саңырауқұлақты пайдалану адам ағзасының өте ауыр деңгейдегі улануына әкеліп, тіпті өлім жағдайына да жеткізеді.

Сондықтан ағзаның улану жағдайлары қалай өрбитінін, алғашқы көмек пен уланудың алдын алу шараларын біліп жүрген абзал.

 

Жалпы саңырауқұлақтардың жеуге жарамды және улы түрлері болады. Егер саңырауқұлақтың түрлерін танымасаңыз немесе күмәнданатын болсаңыз, алмаған жөн.

 

Саңырауқұлақтан уланудың алғашқы белгілері: құсу, іштің ауруы, диарея,  аса көп мөлшерде терлеу мен сілекейдің бөлінуі, бронхта сұйықтың жиналуы, соның салдарынан қақырықты ылғалды жөтел, дем алудың қиындауы, жүрек соғуының төмендеуі,  көз қарашығының кішірею белгілері байқалады. Мұндай белгілер пайда болғанда, тез арада жедел жәрдемге жүгіну қажет.

Саңырауқұлақты жинауда және сатып аларда мынадай ережелерге назар аударғандарыңыз жөн:

— өзіңіз жақсы білетін саңырауқұлақты ғана алған дұрыс;

— саңырауқұлақтар тез бұзылатын өнім болғандықтан, жылы орында ұзақ сақтауға болмайды. Қайта жылытып пайдаланар кезде де аса сақтық қажет, әсіресе картоппен.

Улану көбінесе улы саңырауқұлақтардан емес, бүлінген немесе дұрыс дайындалмаған саңырауқұлақ тағамдарынан пайда болады.

— тұздалған саңырауқұлақтарды мырышталған, алюминий және қыш ыдыста сақтауға болмайды;

— балаларға саңырауқұлақтың қандай түрі болса да, пісірмей тұрып дәмін татуға және жинау кезінде Сіздің рұқсатыңызсыз ұстауға болмайтынын ескерту қажет, үй жағдайында пісіргенге дейін балалардың қолы жетпейтін жерге қойылуын қадағалау керек. Саңырауқұлақ маусымында балаларды орманда немесе саябақта жалғыз қалдырмаңыз;

— дайындау кезінде әзірлеу технологиясын, яғни шыны ыдысты, қақпақты стерильдеу мен өнімді термиялық өңдеуден өткізуді қатаң түрде сақтау керек;

— үй жағдайында консервіленген  саңырауқұлақты пайдаланар алдында 15-20 минут қайнатып  барып пайдаланған абзал;

— базарларда (қолдан) үйде дайындалған консервіленген саңырауқұлақтарды сатып алуға болмайды;

— иісі, түсі бұзылған, жабын қақпағы көтерілген консервіленген  саңырауқұлақты пайдалануға болмайды. Оларды тез арада жою қажет.

Саңырауқұлақ өнімін жинау мен дайындаудын карапайым ережелерін сактай отырып Сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтай аласыздар.

Ш.Айботаева,

Тұран ауданының санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау басқармасының

басшы орынбасары