Шымкентте тағы бір тұрғын саңырауқұлаққа уланып қалды

260

18 сәуір күні Шымкенттегі токсикология бөлімшесіне саңырауқұлақтан уланған бір азамат жеткізілді. Бұл – Оңтүстікте соңғы бір айдың ішінде тіркелген 11-ші оқиға. Аурухана түскен азаматтардың барлығы дін аман.

улану, жедел жәрдемМамандардың айтуынша, науқастардың барлығына медициналық көмек дер кезінде көрсетілген. Нәтижесінде өлім-жітімге жол берілмепті. Қозықұйрықтан уланғандардың басым бөлігі Шымкенттегі таксикология бөлімінде ем қабылдауда.

Асылхан Мыңбаев, бөлім меңгерушісі: «Саңырауқұлақтан уланғандардың көбі өнімді базардан сатып алған. Бұл асты тұтынғанда абай болыңыздар дейміз. Соңғы бір айдың ішінде қозықұйрықты жеп, уланған он бір адамға медициналық көмек көрсеттік. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстарғанда уланғандардың көбейгенін байқатып отыр.»