Шардара ауданында 41 жастағы ер кісі көкпарға ақша салу үшін өз үйіне ұрлыққа түскен.
Аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Егде жастағы әйелдің айтуынша, белгісіз біреу үйінен 200 мың теңгесін алып кеткен.
Түркістан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жедел іздестіру іс-шарасының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар күдікті анықталған. Ол жәбірленушінің ұлы екен. Ер кісі бұған дейін алаяқтығы үшін сотты болған.
«Тергеу барысында жәбірленушінің ұлы алған қаражатты көкпар ойынына жұмсағаны анықталды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» деп хабарлады полициядан.
(Фото: Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі)