Ағымдағы жылы қала аумағында жалпы 40525 шетелдік уақытша тіркелген. Оның ішінде 616 алыс шетелдік, 39 909 ТМД елдерінің азаматтары. Уақытша келген шетелдіктердің басым көпшілігі 36825-і Өзбекстан, 1671-і Ресей мемлекетінен, 836 Қырғызстан Республикасынан.
Еліміздің көші-қон заңдылығын бұзған жалпы – 3989 шетелдік пен жергілікті тұрғындар анықталып әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аталған құқықбұзушылықтардың 1008-не әкімшілік айыппұлдар салынып, 873 шетелдік әкімшілік қамауға алынып, өзге елдердің 186 азаматы ел аумағынан аластатылды.
Мегаполисте жалпы 182 мың 137 азаматқа жеке куәлік пен төлқұжат алуға 1-нысанды арыздар ресімделген. Оның ішінде көші-қон қызметкерлерімен 93 мың 823 төлқұжат пен 97 мың 745 жеке куәлік дайындалған.
Мамандардың мәліметінше Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке басты куәландыратын құжаттарды беру кезінде тіркеуден өту Қазақстан Республикасының азаматтарына ерікті, ал шетел азаматтарына міндетті болып саналады.
Сондай-ақ Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері ҚР Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы 615 бабына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттарды беру үшін мемлекеттік баж, Қазақстан Республикасы азаматы үшін паспорт төлемақы сомасы 16 жасқа дейінгі балалар үшін 14 мың 768 теңге (4 АЕК) 24 беттік, 29 мың 536 теңге (8 АЕК) 36 беттік, 44 мың 304 теңге (12 АЕК) 48 беттік екенін хабарлайды.