Мобильді аударымдарды бақылауға алу талабы базардағы сатушылардың басты бас ауруына айналған. Кәсіпкерлер сауданы қандай төлемде қабылдайтынын білмей дал. Жауапты мамандар қолма қол ақша сұрау заңға қайшы десе, бизнес иелері онлайн төлем қабылдау құралы бәріне бірдей тиімді емес дейді.
Базардағы сатушылардың біразы банк қосымшасын қолдануға көшкен. Соның бірі- Ақзер Абай. Ол аяқ киім саудасымен айналысады. Кәсіпкер келіншек қазір заң негізінде POS терминалға қолданамын дейді.
«Келушілер өздері қалағанынша төлейді. Менде жеке кәсіпкерлік бар. Мобильді аударыммен ақша ала алмаймын. Тек QR кодпен жұмыс істеп жатырмын» — дейді кәсіпкер Ақзер Абай.
Ал кәсіпкерлердің кейбірі бұл өзгеріске қарсы. Себебі олардың бәрі электронды бағдарламамен жұмыс жасай алмайтын көрінеді. Ал қолма-қол ақша алу тағы заңға қайшы. Енді саудагерлер үкіметтен көмек сұрамақ.
«Бұл ақша тонау ғой. Менің Pay-імді құлыптап тастаған. Мен ештеңе істей алмаймын. Банк маған неге жапқанын айтпады. Аударым ала алмасам, не істей аламын басқа. Бәрі соған үйренір қалған» — дейді кәсіпкер Мария Оспанқұлова.
«Керек емес бұл нәрсе, біз бұған қарсымыз. Ақшаны жеп отқандарды бағамыз ба, бала шағамызда бағамыз ба? Жоқ әлде базардың арендасын төлейміз ба?» — дейді кәсіпкер Айсұлу Сәрсембаева.
Осыған байланысты мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары кәсіпкерлерге түсіндіру жұмысын жүргізіп, оларға бірден айыппұл салынбайтынын жеткізді.
«3 ай да 300 түрлі адамнан аударым келсе тексереді. Оны бірден алып шот жауып, айыппұл төлетпейміз. Тек ЖК ашқызып, жұмыс істетеміз. Егер жеке кәсіпкерлік ашса, ақша айналымды көрсетіп патент болса 1%, жеңілдетілген режим болса, 3% төлеп отырады» — дейді Шымкент қаласы Тұран аудандық МКБ басшысының орынбасары Алмас Керімбеков.
Билік өкілдері онлайн төлем қабылдау арқылы, салық төлеу жолын жеңілдетуді көздейді. Мұны сарапшы мамандар да жоқ шығармайды.