«Мүмкіндігі шектеулі студенттерге стипендия берілмеген»: Шымкентте колледж басшысы жазаланды

248

Шымкентте «Болашақ» техникалық колледжінің басшылығы жазаланды. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәліметінше, аталған оқу орнында мүмкіндігі шектеулі студенттердің құқықтары тапталған.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкіліне колледждің инклюзивті тобындағы студенттердің ата-аналары хабарласқан. Арызданушылар білім ошағында ерекше қажеттіліктері бар студенттерге сабақтың сурдоаудармашысыз жүргізілетініне шағымданған.

Өкіл колледжге барып, сурдоаудармашы екі ай бұрын жұмыстан босатылғанын, осы уақыт ішінде инклюзивті топтағы студенттерге арнайы қызмет көрсетілмегенін анықтаған. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі студенттер жатақханада тұру үшін ақша төлесе, кейбірі студенттік стипендияларын алмаған.

Интервациядан кейін және Шымкенттегі Адам құқықтары жөніндегі өкілінің ұсыныстарын енгізген соң барлық ескертулер мүмкіндігінше тез жойылды. Яғни, ымдау тілі мұғалімі жұмысқа алынып, жатақханада тұру ақысын жинау тоқтатылды және жаңа академиялық сессияда барлық студенттерге стипендия төленетін болды. Бұл ретте өкілдің ұсынысы негізінде аталған колледждің оқу жөніндегі басшылығына қатаң сөгіс берілді.

(Фото: gov.kz)