Қала жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кезекшілікке түскен патрульдік полиция полкінің инспекторлары қарызы өтелмеген автокөлік туралы дабыл алды.
Ақпаратты полицияның планшетіне орнатылған «Қорғау» бағдарламасы берді.
Hyundai Elantra маркалы автокөлік иесінің атқарушылық іс-жүргізу бойынша 33 миллион теңге қарызы бар екені анықталды.
Патрульдік полицейлер көлікті Рысқұлов көшесінде ұстады. Қарызынан жалтарған жүргізушіге төленетін төлемдер туралы ескертілді.
Көлік айып тұраққа қамалды. Қала тұрғыны қарыздарын толық өтегеннен кейін ғана көлік құралын ала алады.