14 жыл бойы жасырынып жүрген алаяқ Шымкентте ұсталды

45
фото Шымкент ПД

38 жастағы өзбекстандықты Тұран ауданының көші-қон қызметкерлері рейдтік шара жүргізу барысында анықтады. Ел аумағында заңсыз жүріп-тұрған шетелдік ұзақ жылдар бойы қылмыстық қудалаудан жасырынып келгені белгілі болды.

Оған қатысты ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін 2010 жылы ташкенттік құқық қорғаушылармен қылмыстық іс қозғалған.

ҚР көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін ер адамға ӘҚБтК-тің 517-бабына сәйкес шара қабылданды. Қазіргі таңда ұсталған азамат өз еліне депортталды.