Базарларды жаңғырту мерзімі енді ұзартылмайды. 2025 жылдың соңына дейін еліміздегі барлық сауда нүктелері қаланың сәулетіне, санитарлық және өртке қарсы талаптарға сай болуы керек. Сауда және интеграция министрі, мәжіліс депутаттары жергілікті әкімдермен онлайын жиын өткізіп, осы талаптарын жеткізді. Статистикаға сәйкес, қазір елімізде 700-ден астам дала базары бар.
Модернизациялау картасына енбей қалған сауда нүктелері әлі де анықталып жатыр. Осылардың барлығын келер жылдың соңына дейін бір стандартқа келтіру қажет. Базар иелері мен әкімдіктердің жұмысына бақылау қатаң жүргізіледі деп ескертті Сауда және интеграция министрі.