Мәртөбеде газ құбырынан ақау шығып, 1,5 мың абонент көгілдір отынсыз қалды

202

Мәртөбе елдімекенінде Ду-325 мм жоғары қысымды газ құбырынан табиғи газдың шығыны орын алды. Сала мамандары бұл ақауды 3 қаңтар кешкі сағат 21:45 шамасында анықтаған.

Апат салдарынан 1500 жеке газ тұтынушы мен 7 өндірістік кәсіпорынға уақытша газ беру тоқтатылды.

Қалалық әкімдіктегілер қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы техникалар мен 30 жұмыс күші жұмылдырылғанын мәлімдеді. Жұмыс қарқынды түрде жүргізілуде. Қайта қосу жұмыстары қосымша хабарланатын болады.

Осы ретте қала әкімдігі тұрғындардан газ крандарының жабық болуын қадағалауларыңызды сұрайды. Газдың иісі байқалған жағдайда 104 апаттық қызметіне хабарласыңыздар.