Оңтүстік Кореяға жаңа әуе бағыттары ашылады

44
Фото - GOV.KZ

Қазақстан мен Оңтүстік Корея елдері арасындағы рейстер санын арттырып, жаңа әуе бағыттарын ашады, деп хабарлайды Қазақстан көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті. Сеулде Қазақстан көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен Корея Республикасы жер, инфрақұрылым және көлік министрінің орынбасары Юн Санг Лидің екіжақты кездесуі өтті.

Тараптар Астана мен Сеул арасындағы әуе рейстерін қалпына келтіру, Алматы – Сеул бағыты бойынша рейстерді ұлғайту, сондай-ақ Шымкенттен Сеулге және Пусан мен Қазақстан қалалары арасындағы рейстерді ашу мәселелерін талқылады және келісті.
Сонымен қатар, Талғат Ластаев T’Way аз бюджетті әуе компаниясы және Sirius Airlines жүк авиакомпаниясының басшылығымен кездесті. Онда кореялық тасымалдаушылар Қазақстанға рейстерді орындауға ниет білдірді.