«Кореяда жұмыс істеген». 5 жылдан кейін қызымен қауышқан ата мен әже жұртты жылатты

3061

Оңтүстік Корея елінде 5 жыл жұмыс істеп келген қазақстандық әйел ата-анасымен қауышты. Перзентін көріп, қуанған қарт тұрғындар көпшілікті жылатты.

Ата мен әженің қыздарымен қауышқан сәтінің видеосын жиен немересі әлеуметтік желі парақшасында жариялады.

«Анам 2018-де Кореяға жұмысқа кеткен. Сол 5 жылда келу мүмкіндігі енді туды. Кореяда жұмыс жасап жүрген барлық қазақ бауырларымыз отбасымен аман-есен қауышуын тілейміз» деп жазды автор.

Үйге тосыннан кіріп келген әйел алдымен анасымен амандасып, көзіне ерік беріп сағынышын басады. Кейіннен әкесімен сәлемдесіп, асқар тауының қолын сүйген қызы қарияны ұзақ құшақтап отырады.

Эмоцияға толы видеоны көрген желі қоданушылары желі көздеріне еріксіз жас алғанын алға тартып, ата мен әжейге ұзақ ғұмыр тіледі.

«Аман-есен қауышатын күнді жазған Аллаға мың шүкіршілік болсын. Ата-анадан артық жан ба мар бұл өмірде?!», «Ебіл-дебіл жылап алдық. Қарт кісілер аман болсын», «Жүрегім қатты ауырып кетті», «Ата-аналарыңды тірісінде бағалаңдар», «Әкесі перзентін қатты сағынған екен», «Жыламау мүмкін емес», «Бұл қызы үшін қанша уайымдағанның, көріп үлгерем бе деген қорқыныштың көз жасы ғой», «Еріксіз аққан көздің жасын тоқтата алмай қалдық», «Көрмей өліп кетем бе, бір иіскей алмай қалам ба деп іштерінен тынып жүрген екен ғой. Қаншама сезім бар мына видеода» деп жазды желі қолданушылары.

Пікір қалдырушылардың бірі ата мен әже көршісі екенін, ақылгөй қарттар Қызылордада тұратынын атап өтті.