Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов Алматыда Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Ариповпен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
«Біздің алдымызда тауар айналымын 1 10 млрд-қа дейін жеткізу міндеті тұр, сондықтан сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту бойынша жүйелі шаралар қабылдау қажет. Қазақстан үкіметі барлық белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін белсенді бірлескен жұмысқа дайын», — деді Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы қарсаңындағы кездесу барысында.
Хабарламада 2022 жылы тауар айналымы жоспарланған 5 миллиард долларға, ал 2023 жылдың 11 айында 4,1 миллиард долларға жеткені айтылған. Әлихан Смайылов Қазақстан Өзбекстанмен стратегиялық әріптестікті дамытуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.
«Мемлекет басшыларының күш-жігерінің арқасында біздің өзара іс-қимылымыз бүкіл өңір үшін үлгі болды», — деді ол.
Абдулла Арипов Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік достық, тату көршілік және өзара құрмет рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
«Мемлекеттеріміздің басшылары екі ел арасындағы көпжоспарлы қатынастарды одан әрі дамыту бойынша нақты міндеттерді айқындады. Біз сіздермен бірге осы міндеттерді орындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға дайынбыз», — деді ол.
Тараптар сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, ауыл шаруашылығындағы, транзиттік-көліктік және газ салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, екіжақты тауар айналымын ұлғайту жөніндегі Жол картасын іске асыру барысы және кооперациялық өнеркәсіптік жобалар жұмысының нәтижелері қаралды.