Түркістан облысы Кентау қалалық сотының 2020 жылғы 27 тамыздағы М-ны Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-2-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баптың талабымен 19 446 теңге айыппұл салынған.
Талап қоюшы И. талап қоюында жауапкер М-дан әкімшілік құқық бұзушылық жасап, кәмелетке толмаған қызының денсаулығына зиян келтіргені бойынша емделуіне кеткен шығыны 84 620 теңгені және сот шығынын өндіруді сұраған. Талап қоюшы өзінің талабын нақтылап, жауапкер М-дан 42 000 теңге шығынды өндіруді сұраған.
Талап қоюшы И. қазіргі таңда жауапкермен өзара дауды медиация тәртібімен шешу туралы келісімге келгені, аталған келісімді бекітуді, азаматтық істі тоқтатуды сұрады.
Талап қоюшы И. жауапкер М-дан құқық бұзушылықтан келген зиянды өндіру туралы талап қоюы негізінде қозғалған азаматтық іс бойынша тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітілді.
Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімінің шарты бойынша: Жауапкер М. талап қоюшы И-ғаның 42 000 (қырық екі мың) теңге материалдық зиянды 2024 жылдың 8 ақпанына дейін қайтаруға міндеттенеді. Талап қоюшы И. жауапкер М-дан 42 000 теңге қарызды өндіру туралы талабынан бас тартады. Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.