Шымкентте “синтетиканың” ірі партиясын тасымалдаған кентаулық тұрғын ұсталды

36

Ер адам Hyundai Elantra көлігінің салонында 9 пакет мефедрон алып келе жатқан. Автокөлікті жедел іс-шаралар барысында қалалық полиция департаментінің қызметкерлері ұстады.

Жүргізуші тоқтай салып, полицейлердің көзінше ұнтақ салынған пакеттерді көшеге лақтыра бастаған. Бірақ бұл әрекеті оған көмектеспеді. Азаматтың жалдамалы пәтерін тексеру барысында тағы 150 грамм синтетикалық есірткі табылды.
Тәркіленген психотроптық заттардың жалпы салмағы шамамен – 3,5 келі, бұл шамамен 4 мыңнан астам дозаны құрайды.
Күдікті қамауға алынды. Оның басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы болуы мүмкін.
Айта кетейік, есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізгені үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.