Созақтық жастар ауыл имамына көлік мінгізіп, қажылыққа жолдама сыйлады

37
фото ТО ӨКҚ

Созақтық жастар Созақ ауылдық мешітінің имамы Сұлтанхан Рүстемовке көлік сыйлап, умра қажылығына жолдама берді. Игі шарада ауыл әкімі мен аудандық мәслихат депутаттары қолдау көрсеткен ауыл тұрғындарына алғыс білдірді.

Сұлтанхан Рүстемов 2003 жылдан бері дін саласында еңбек етіп келеді. Ауылдағы Шайхы Ахмет мешітінде имам болып қызмет атқарған. Ал өткен жылы жаңадан салынған Созақ ауылдық мешітіне имам болып келген.
Айта кетейік, созақтық жастар бұған дейін қаржы жинап, ауыл көшелеріне жарықтандыру бағаналарын орнатқан болатын. Сондай-ақ, мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектер жыл сайын әлеуметтік жағдайы төмен отбасына үй салып береді.