Түркістан облысында құны 17,8 млрд. құрайтын 11 инвестициялық жоба дайын

154
"Көксарай" су қоймасы

30-қаңтарда өткен Үкімет отырысында «Қазақстан Республикасы су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы» талқыланды.

Осы тұжырымдаманың жергілікті жерде орындалуы жөнінде өңір басшылары есеп берді.

Түркістан облысының  әкімі — Дархан Сатыбалды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды: «Елімізде суармалы жерлердің 4/1 бөлігі облысқа тиесілі. Жалпы ұзындығы 12 349 шақырым канал, 42 су қоймалар және 5 712 шақырымды  құрайтын қашыртқылар бар. Мемлекет басшысының қолдауымен облыста су нысандары құрылыстары қолға алынып,  2021-2023 жалдары 2-нысан пайдалануға берілді. Атап айтқанда, 2021 жылы сиымдылығы 18 млн. текше метрді құрайтын «Көлсай, «Қосқорған» екі су қойма жобасы, екінші ұзындығы 59 км құрайтын Түркістан магистраларалық каналы күрделі жөндеу жобасы. Аталған жобалардың нәтижесінде жалпы 94 млн. текше метр ағын су үнемделіп отыр. Сондай-ақ екі жаңа су қоймасының құжаттары әзірленіп, тұжырымдама жобасына енгізілді. Біріншісінің сиымдылығы 68 млн. текше метр құрайтын «Бәйдібек би» су қоймасы. Жобаға 4,1 млрд тг. қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Екіншісінің сиымдылығы 45 млн текше метрді құрайтын «Боралдай» су қоймасын салу жобасы. Бүгінгі таңда жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде. Жобаларды іске асырудың нәтижесінде жылына 113 млн текше метр ағын су қосымша жеткізіледі, ал 67 мың гектар суармалы жерлердегі су тапшылығы шешім табады. Ағын судың шығынын төмендету бағытында облыстық су үнемдеу технологиялары 32,3 мың гектарға енгізілген, тұжырымдамаға сәйкес, 2030 жылға қарай су үнемдеу технологияларын өндіру көлемін 216,3 мың гектарға жеткізу қарастырылып отыр. Облыстың су үнемдеу технологияларын шығаратын кәсіп орындарды ашу инвестициялық жобаларын жүзеге асыру қолға алынды. Түркістан қаласының  өндіріс паркінде құны 4,1 млрд тг. құрайтын жылына 1 мыңға жуық дана жаңбырлатып суару машиналарын шығару зауытының бірінші кезеңі қазір іске қосылып отыр. Сонымен қатар құны 6,1 млрд тг. құрайтын тамшылатып суару құрылғыларын шығаратын зауыт жобасы әзірленуде. Аталған жобалар  қажетті қаржы бөлінген жағдайда облыста су үнемдеу технологияларын өндіру жоспарын толығымен орындауға мүмкіндік бар. Қазіргі таңда жалпы алғанда 10,5 мың гектарға су үнемдеу технологияларын ендіру бойынша құны 17,8 млрд тг құрайтын 11 инвестициялық жоба дайын».

Сүндет Басықара,
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық

қазақ-түрік университеті

“Журналистика” мамандығының 2-курс студенті