Түркістанда білім басқармасының басшысы ұсталды деген ақпарат тарады

562

(Фото: ашық дереккөз)

Түркістан облысының бас ұстазы Ғалымжан Жұмашев ұсталды деген ақпарат тарады.

Бұл мәліметті журналист Михаил Козачков Telegram-каналында жазды. Ондағы мәліметке сенсек, басқарма басшысын Ұлттық қауіпсіздік комиетінінің Түркістан облыстық департаменті ұстаған.

Telegram-каналдағы ақпаратта бас ұстаз Қылмыстық кодекстің 361-бабымен күдікке ілінгені жазылған. Бүгін таңғы 6-да алдымен оның үйінде, кейін жұмыс орнында тінту жүргізіліпті. Бұл іске оның көмекшісі мен хатшысының да қатысы бар көрінеді.

Түркістан облыстық білім басқармасындағылардан бұл ақпаратқа қатысты пікір алу әзірге мүмкін болмады.

Айта кетейік, Ғалымжан Жұмашев облыстық білім басқармасының басшысы қызметіне 2023 жылдың қазан айында тағайындалған болатын.