Жетісайда «SOS» арнайы жүйесі іске қосылды

30
фото ТО ПД

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ішкі істер мнистрлігінің нұсқауымен Түркістан облысы Полиция департаменті Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметін цифрландыру бойынша кезекші бөлімшесіне қосылған “SOS” арнайы жүйесі іске қосылды. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған цифрлы жобалардың бірі – 102 мобильді қосымшасы.

Ұялы телефонға «SOS» қосымшасын жүктеп, оның көмегімен азаматтар полицияға кез келген құқық бұзушылық туралы аудио және видео қоңыраулар арқылы хабарлама жібере алады. Ол кезекші бөліміне тікелей қосылған. Азаматтарға қандай-да бір қауіп төнетін болса немесе қандай да бір құқық бұзушылыққа куә болған жағдайда, «SOS» батырмасы арқылы полицияға хабарласуға болады.
“SOS” бағдарламасын халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында барлық тәртіп сақшылары халық көп шоғырланатын жерлерге арнайы дайындалған баннерлер іліп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.