«Ауыл аманаты» жобасы аясында жеңілдетілген несие алу мүмкіндігі бар

42
фото Ашық дереккөз

Өткен жылы «Ауыл аманаты» жобасы аясында 17 мың несие беру үшін 100 млрд теңге бөлінді. Қаражаттың негізгі бөлігі Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе және Алматы облыстары үшін қарастырылған.

Шағын несиені 2,5 пайыздық үстемемен 5 жылға дейін алуға болады. Жоба арқылы өз кәсібін бастайтын азаматтар бұған дейін кәсіпкер ретінде тіркелмеуі керек. Басқа банктерде берешегі болмауы тиіс.