Гуманитарлық көмек: Қырғыз Республикасына дизель отыны жөнелтілді

0

Қазақстан Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек көрсетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Бішкек жылу электр орталығындағы апатты жоюға қолдау көрсету үшін резервтен дизель отыны түріндегі 2 мың тонна гуманитарлық жүк бөлінген. Соның бірінші партиясы 17 вагон-цистернамен жөнелтілді.