Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай ҚТЖ қосымша пойыздарды шығарды. Жолға шығатын пойыздар «Астана-Алматы», «Астана-Шымкент» және «Ақтөбе-Шымкент» бағыттары бойынша қатынайды. Жолаушылар көп қатынайтын бағыттар бойынша вагондар саны ұлғаяды. Оған қоса, 237 вагон жаңадан тіркеледі.
Былтыр ел бойынша 14 млн адам пойызбен сапарлапты.Қазір елде 2600-ден астам вагон бар. Бірақ олардың жартысынан астамы тозған. Бұл вагондарды жаңарту бағытында жүйелі жоспар түзілді. Мәселен, Көлік министрлігі жыл сайын 100 жаңа вагон сатып алуды көздеп отыр.