Үй жануарларының қатысуымен болатын жол апаттарының алдын алу, болдырмау бағытындағы шаралар облыс полицейлерінің назарынан тыс қалған емес. Өйткені, елдің қараусыз жіберген малы, жолдарға шығып кетіп, көліктермен соқтығысып, соңы қайғылы жағдайлармен аяқталып жатады.
Осындай келеңсіз жағдайларға тосқауыл қою мақсатында, Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері республикалық маңызы бар жолдарда жайылып жүрген және жолдың қақ ортасына шығып кеткен малдарды айдап, жол жиегін тазартты.
Абаттандыру қағидаларын бұзу, үй жануарларының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары мен мал ұрлығының алдын алу мақсатында, қараусыз жүрген малдарды арнайы оқшаулау орындарына қамау жұмыстары да бақылауға алынған.
Сондықтан біздің сақшылармен бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.