Түркістан: Балалар операцияға супермэн кейпінде кіруде

60

 

Түркістан облыстық балалар ауруханасының медицина мамандары ота залына балаларды ерекше әдіспен кіргізуде.

Кішкентай пациенттердің ота алдында қорқыныш сезімін болдырмау үшін «сен қаһарман батыр боласын»- деп белгілі мультфильмның кейіпкері Бэтмэнның киімін кигізіп, аналары ота залына өздері ертіп кіргізуде.

Бұл әдісті облыстық балалар ауруханасының қызметкерлері University Medical Center-де операция ісі мамандарын біріктіретін IV Ұлттық Симпозиумына қатысып, жақсы тәжірибе жинақтап, іс-жүзінде өз жұмыстарына енгізді.

Қаһарман батыр кейіпкерінің киімін киген балғындар операцияға көтеріңкі көңіл күймен кіруде.

Айта кетейік, бұл әдісті әлемнің озық елдері қолданысқа енгізіп,оң нәтиже беруде.