Түркістан облысы Келес ауданы Біртілек ауылында 5 жасар бала канал суына батып, қайтыс болды.
Төтеншеліктердің мәліметінше, бүлдіршін кеше 16 наурызда үйден күндізгі сағат 15.00 шамасында шығып, қайтып оралмаған. Куәгерлердің айтуынша, суару каналы маңынан баланың аяқ киімі табылған.
Жоғалған баланы іздестіру жұмыстарына облыстық Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы орган мен полиция өкілдерінен құралған жалпы саны 93 адам және 4 техника жұмылдырылған.
Бүгін 17 наурызда сағат 16.40-та құтқарушылар бүлдіршіннің денесін үйден 2 шақырым қашықтықтағы канал суынан тапты.
(Фото: ашық дереккөз)