Мақтааралда мал бағып жүріп жас жігіт Сырдарияға батып кете жаздады

158

Мақтаарал ауданының тұрғыны мал бағып жүріп, Сырдария өзеніне батып кете жаздады. Қойшыны байқап қалған полицейлер дереу көмекке келген.

Патрульдік полиция батальонының инспекторлары жас жігітті ажалдан арашалап қалды.

Республикалық маңызы бар  «Сарыағаш-Жетісай-Жібек Жолы» тас жолының 155-130 шақырымында кезекшілікке түскен тәртіп сақшылары күндізгі уақытта жол бойында адамдардың көмек сұрап тұрғанын байқайды.

Полицейлер мән-жайды анықтағанда Сырдария өзенінде ағып бара жатқан адамды көреді. Полицей Дәулет Сағынбаев бірден суға секіріп түсіп, әріптесі Нұрғали Сапархан екеуі жас жігітті сүйреп, жағаға алып шыққан.

Белгілі болғандай, Мақтаарал ауданының тұрғыны мал бағып жүріп, құлынның өзенге түсіп кеткенін байқаған. Малын құтқарамын деп суға түсіп, соңында өзі шыға алмай қалған.

Жас жігіттің денсаулығына қауіп төнбеген, жағдайы қалыпты.

(Фото: Түркістан облыстық ПД)