Пробация есебінде тұрғандарға 36 мың теңге қаржылай көмек беріледі

37
фото kz.otyrar.kz

Биылдан бастап пробация есебінде тұрғандарға мемлекеттен қаржылай көмек көрсетіледі. Оларға 10 АЕК көрсеткіш, яғни 36 920 теңге төленеді. Әлеуметтік көмек бір рет беріледі.

Мамандар, пробация есебінде тұрғандардың бұған дейін осы тұрғыда көп өтініш білдіргенін айтады. Бұл сотталған азаматтардың қоғамға бейімделуіне көмектеседі.

Сабыржан Арапбай, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары: «Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру тағайындалған жаза мерзімін қысқарту түріндегі жазаны сотпен алған яғни пробация есебінде тұрған азаматтарға 10 АЕК көлемінде бір реттік төлем жүргізілетін болады. Ол пробация есебіне қойылған күннен бастап, үш айдың ішінде төленетін болады. Сотталған адамға ары қарай өмір сүруіне, қоғамға етене араласып кетуіне қолдау ретінде бір ақ рет тағайындалады».