Шымкентте джиу-джитсудан халықаралық турнир өтті

Шымкентте тұңғыш рет джиу-джитсудан халықаралық турнир өтті. Жарысқа 6 жастан 30 жасқа дейінгі спортышылар қатысты. Елдің барлық өңірінен және 5 шет мемлекеттен спортшылар келіп қатысқан дода тартысты өтті. 

Шымкентте джиу-джитсудан «AJP Shymkent International» халықаралық турнирінің ашылу салтанаты өтті. Тұңғыш рет өткізіліп отырған додада ең көп ұпай санын жинаған спортшылар Абу Дабиде өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайды. Елдің түкпір түкіпіріндегі спортшылардың басын қосқан турнирде қатысушылар жасөспірім, жастар және ересектер санаты бойынша бақ сынады.

Қуат Сағиев, Қазақстан джиу-джитсу қауымдастығының президенті: «Бұл турнирлар сериясы бүкіл әлемде өтеді. Оның ең соңғы кезеңі Абу Дабиде өтетін Әлем чемпионаты. Бұл жарыстарда спортшылар қатысып, ұпай жинап, рейтинг көтеріп, Әлем чемпионатында бағын сынайды. 6 жастан бастап спортшылар қатыса береді. 5 кезеңі болады, Астанада, Шымкентте, Ақтөбеде, Алматыда және тағы да Астанада».

Спорт додасында 250-ге жуық ер азамат қатысты. Спортшылар Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, өзге 5 мемлекеттен келген. Жарыс жаттықтырушылары бұл турнир жас спортшыларға әлемдік аренаға шығу үшін үлкен мүмкіндік екенін айтады.

Рустам Дадимбек, Джиу-джитсудан ұлттық құрама жаттықтырушысы: «AJP» негізі Абу Даби турнирі. Мұнда қатысушылар ұпай жинайды, бұл оларға келешекте басқа маңыpды турнирларға қатысуға мүмкіндк береді. Балаларға өз өздерінің күшін көруге, сынауға үлкен мүмкіндік. Бірінші рет қатысып отырған балаларға бұл болашаққа негіз».

Жалпы Шымкент қаласында джиу-джитсу спорт түрімен 200 – ден астам спортшы айналысады. Оларға үш спорт мектебінде спорттың бұл түрі тегін үйретіледі. Сала жауаптылары балалар арасында джиу-джистуға қызығушылар жыл санап көбейіп келетінін айтады. Айта кетейік халықаралық турнирдің келесі кезеңі Ақтөбе қаласында өтеді.