Түлкібас ауданына жұмысқа келген өзбекстандық азаматтар көмір иісіне уланып қалған

48

Түлкібас ауданында екі өзбекстандық азамат газдан уланып қалған. 1986 жылғы 1 азамат ауруханаға комалық жағдайда жеткізілген.

Шетелдіктер Қазақстанға құрылыс жұмыстарын істеуге келіпті. Сөздерінше олар түнде көмір жағып ұйықтап қалған. Араға бірнеше күн салып, науқастардың жағдайы жақсарып жансақтау бөлімінен палатаға көшірілді.

«Бірінші науқас Абдукаримов ауыр жағдайда түсті. Науқас 7 сәуірге дейін өкпені жасанды тыныстандыру аппаратында болды. Жағдайының жақсаруына байланысты қазір терапия бөліміне ауыстырылды. Екінші науқас та ауыр жағдаймен түсті. Ем көрсетіліп, 4-5 сағаттан соң есін жиған соң 5 сәуірге палатаға көшірілді», —  дейді Түркібас аудандық орталық ауруханасы жансақтау бөлімінің меңгерушісі Бақыт Оспанов.

Айта кетейік, Түлкібас ауданында 6 сәуір күні иіс тиіп 49 жастағы әйел қаза тапты. Мәлімметтер бойынша улы газ жуыну бөлмесіндегі су жылытқыштан шыққан.