Алимент мәселесі медиациямен шешілді

33
фото Sputnik / Владислав Воднев

Талап қоюшы мен жауапкер 2019 жылы заңды некеге тұрып, 2020 және 2022 жылдары ортақ балалары дүниеге келген. Алайда тараптар бірнеше уақыттан бері бөлек тұрып келген. Осыған орай, талап қоюшы балаларын күтіп-бағып отыруына, жұмыссыз болуына байланысты қаражатқа мұқтаж екенін көрсетіп, жауапкер тарапынан өз еркімен материалдық көмек көрсетуге ниеті жоқ екендігін жеткізіп, жауапкерден өзінің пайдасына кіші қызы 3 (үш) жасқа толғанша ай сайын 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент өндіруді сұраған.

Кентау қалалық сотының судьясы Ұ.Байжігіт татуласу рәсімдерін жүргізіп, медиациялық келісімнің артықшылықтары түсіндіріліп, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, соттан келісімді бекітіп, ал іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.
Бекітілген медиациялық келісімге сай жауапкер талап қоюшының пайдасына кіші қызы үш жасқа толғанға дейін, 8 айлық есептік көрсеткiш мөлшерінде ай сайын алимент төлеуге міндеттемесін алды. Ұйғарым заңды күшіне еңбеген.