Д. Сатыбалды: «Келес ауданында жаңа кәсіпорындар ашу қажет»

85
фото ТО ӘБҚ

Келес ауданында қандай мәселелер бар? Оны шешу жолы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының Келес ауданы тұрғындарымен кездесуінде талқыланды. Облыс әкімі ұсыныстарды тыңдап, аудан дамуы үшін атқарылатын жұмыспен таныстырды.

Түркістан облысының басқа аудандарымен салыстырғанда Келес ауданында жағдай өте нашар. Бұл туралы өңір басшысы Дархан Сатыбалды айтты. Ол бұл олқылықты жою үшін аудан әкімдері еліміздің бас қалалары және шетелге барып, сол жақтың оң тәжірибесін үйрену керек дейді.

Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі: «Келесте басқа ауданға қарағанда инвест жоба жоқ, жағдай да өте нашар. Жаңа кәсіпорындарын ашпасақ, салық базасы болмайды. Салық болмаса инфрақұрылым болмайды. Себебеі табыс жоқ».

Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі: «2024 жылы 18 елді мекенде 25 жобаны іске асыру үшін 2,4 млрд. теңге қаралды. Ауыл тұрғындарының табысын арттыру, әл-ауқатын жақсарту мақсатында 2023 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 1 млрд. теңгеге 216 жоба қаржыландырылды».

Халықпен кездесуден кейін әкімнің жеке қабылдауына келгендер де көп болды. Тұрғындар елді мекендегі инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкерлік мәселесін қозғап, жер және ағын су жайын талқылады.

Іссапар аясында Біртілек ауылдық округіндегі 300 орындық мектептің құрылысына барған әкім, құрылыс сапасын назарда ұстауды тапсырды. Білім ошағы биыл пайдалануға берілмек. Дархан Сатыбалды жылыжай шаруашылық иелерімен де кездесті. Ол шаруалар өндірісті кеңейту үшін инвестициялық субсидия алу мәселесін көтерді. Шаруа қожалығы 2015 жылы іске қосылған. 10 адам тұрақты, 100 адам маусымдық жұмыспен қамтылған.