Полиция сіріңке қорабына есірткі сақтаған күдіктіні ұстады

фото ТО ПД

Кентаулық полицейлер жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында есірткі қылмысына қатысы бар 55 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады.

Жедел уәкілдер ер адамның үйіне тінту жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде күдіктінің үйінің ауласында орналасқан гараждың ішінен 5 сіріңке қорабына оралған хош иісті есірткіні тауып, тәркіледі.
Сараптамаға сәйкес алынған есірткі «марихуана» болып шықты. Күдікті өз сөзінде есірткіні өзі қолдану мақсатында сақтағанын айтты.
Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.