Түркістан облыстық сотының төрағасы А.Сұлтанов және Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы А.Апбас “Түркістан облысының аудан тұрғындармен кездесу” іссапары аясында Ордабасы ауданына визитпен барып, жергілікті тұрғындарымен кездесті, кездесуден соң А.Сұлтанов жеке қабылдау жүргізіп, аудандық соттардың жай-күйімен танысты.
Іс-шараға Ордабасы ауданның жергілікті тұрғындары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, адвокаттар, медиаторлар мен ақсақал билері қатысты.
Кездесу барысында облыстық соттың төрағасы мемлекеттік тілдің қолдануын, дауларды соттан тыс және соттардағы татуластыру рәсімдерін қолдануы арқылы шешуді кеңінен қолдану мәселелері талқыланып, заңгерлік білімі бар азаматтарды судья лауазымына емтихандарын тапсыруға шақырды.
Тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алып, облыс төрағасына кездесуге алғыс білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.
Сонымен қатар А.Сұлтанов, жергілікті соттарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты, ғимараттарды аралау барысында А.Апбас 2023 жылы ғимаратқа құрылыс жұмыстары жүргізілгенін баяндады.
Іссапар аяғында судьялар мен сот қызметкерлерімен жиын өткізіп. Жиын барысында А.Сұлтанов сот төрелігін жүзеге асыру барысында заңды қатаң ұстануды, істерді созбаландыққа салмауды, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, еңбек және әдеп тәртіптерін қатаң ұстануды тапсырды.
Жиын барысында судьялар мен сот қызметкерлері пікір алмасып, өз ұсыныстарын жеткізді.