Түркістан облысында заңсыз жолмен шетелге асырылмақ болған 350 тонна дизель отыны тәркіленді

49

Түркістан облысында заңсыз жолмен шетелге асырылмақ болған 350 тонна дизель отыны тәркіленді. Өңірде бірқатар жауапты мекемелер мен құзырлы органдардың қатысуымен рейдтік шара өтті.

Нәтижесінде 1 айдың ішінде 20-ға жуық хаттама толтырылып, 555 млн теңгеден астам айыппұл өндірілген. Облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен жүргізіліп жатқан рейдтік шараның басты — мақсаты өңірде мұнай өнімдерінің жасанды тапшылығын болдырмау. Сонымен бірге көктемгі егіс науқаны кезінде шаруаларға аса қажет дизельдің заңсыз шекара асып кетуіне тосқауыл қою көзделген.