Әнші Kalifarniya алаяқтардан сақ болуға шақырады

фото ТО ПД

Түркістан облысы полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша көптеген сала мамандарымен бірлесіп профилактикалық жұмыстарды жүргізуде.

▫️Бұл жолы полицейлер халық арасында өзінің ерекше тректерімен танымал әнші Фархат Қалиевпен бірге профилактика жасады. Фархат «Kalifarniya» деген лақап атымен және «Qar», «Аспан», «Роза» секілді әндері арқылы тыңдарман арасында үлкен танымалдылыққа ие.
Фархат барша азаматтардан алаяқтарға алданбай, үнемі сақ болуға шақыратынын жеткізді.