Ақша бопсалады деген күдікпен ұсталған блогерлерге қатысты тың деректер пайда болды

48

Түркістан облысында екі блогер ақша бопсалады деген күдікпен ұсталып, қамауға алынды. Мәлімет бойынша, олар ұзақ уақыт бойы Сайрам ауданындағы түрлі ұйымдардың басшыларына қоқан-лоққы жасап, ақша бопсалаумен айналысқан.

Олар осы аймақтағы бір мектеп директорын видеоға түсіріп, оны Facebook әлеуметтік желісіне жариялаған. Мектеп басшысының іскерлік беделдігіне нұқсан келтіретін бейнежазбаны жою үшін блогерлер 100 000 теңге талап етіпті. Күдіктілер талап еткен сомманы алу үстінде қолға түсті.

Дәулет Тілемісов, Сайрам ауданының прокуроры: «Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдіктілер 2 айға қамауға алынды. Өзге ақпараттар ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес жария етуге жатпайды»