Жыл жылжыған сайын Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық әлеуеті қарқынды дамып келеді. Барлық салада өсім бар. Шынында да үшінші мегаполис әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай өсім көрсетіп келеді. 2024 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында өнеркәсіп өнімінің көлемі 424,7 млрд. теңгеге жетті, бұл қаланың экономикалық әлеуетінің нығаюының дәлелі. Бұл жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды жақсарту және халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту сияқты қала өмірінің әртүрлі аспектілеріне әсер ететін оң құбылыс.
Өнеркәсіптік сектордағы өсу өте маңызды екені белгілі, өйткені ол экономиканың басқа салаларына әсер етеді. Өндіріс көлемінің ұлғаюы, әдетте, табыстың ұлғаюымен бірге жүреді, бұл өз кезегінде құрылыс, көлік және қызмет көрсетуді қоса алғанда, экономиканың басқа салаларында тұтынуды және инвестицияны ынталандырады. Бұл қаланың тұрақты дамуына қолайлы жағдай туғызуда.
Экономикалық әлеуетті одан әрі нығайту үшін инвестиция тартуды, шағын және орта бизнесті қолдауды, инфрақұрылымды дамытуды және халықтың өмір сүру сапасын арттыруды жалғастыру маңызды. Ағымдағы өсу үрдісі сақталатын болса, Шымкенттің Қазақстанның бұдан да маңызды экономикалық орталығына айналуға толық мүмкіндігі бар.
Жыл басынан бері өңдеу өнеркәсібінде 84,9 млрд. теңгеге 1 834 жұмыс орнын құрайтын 16 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде 500 млн. теңгені құрайтын 2 жоба іске асырылды. Соның арқасында 69 жұмыс орны құрылды. Экономиканың тағы да бір маңызды салаларының бірі ауыл шаруашылығында да өркендеу бар. Аталмыш салада өнім көлемі 17,3 млрд. теңгені құраса, мал шаруашылығы 1,5 пайызға, оның ішінде сүт өндірісі 4,3 пайызға артып отыр. Яғни, жыл басынан бері 25,4 мың тонна ағарған өндірілген. Сондай-ақ, қалаға тартылған инвестиция көлемі де 17,4 пайызға артып,
203,7 млрд. теңгені құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 55,7 млрд. теңгені құрап, 30,7 пайызға артты. Үшінші мегаполис бүгінде алып құрылыс алаңына айналып келеді. Биіктігі аспанмен таласқан алып үйлер бой көтеруде. Бұл өз кезегінде тұрғындарды баспанамен қамту мәселесін шешуде.
Қалаға инвестиция тарту да күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі. Аталған уақыт аралығында инвестиция көлемі көлемі 17,4 пайызға артып, 203,6 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде мемлекеттік инвестиция көлемі 29,5 млрд. теңге болса, жеке инвестиция көлемі 174,1 млрд. теңгені құрап отыр. Инвестицияның өсімі көп қабатты тұрғын үй, инженерлік желілердің құрылысы, жабдықтардың сатып алуы есебінен болды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 55,7 млрд. теңгені құрап, 30,7 пайызға ұлғайды. Қалада пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 353,4 мың шаршы метрді құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,9 пайызға артты. Ауыл шаруашылығы көлемі 17,3 млрд. теңгені құрап, 1,3 пайызға артты. Жалпы сауда көлемі 16,0 пайызға артып, 831,9 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде бөлшек сауда 10,6 пайызға, көтерме сауда 20,3 пайызға артты. Жалпы қорыта айтқанда барлық салада өсім бар. Жыл аяғына дейін көрсеткіш көлемі тағы да арта түсетін болады.