«Мұз сарайы» мемлекет бақылауына алынады – антикор

1
фото Отырар.кз

Шымкенттегі «Мұз сарайы» мемлекеттің бақылауына алынатын болды.

Бұл туралы қалалық антикор басшысы Дәурен Ерғарин әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Сөзінше бірінші сатыдағы сот үкімімен спорт сарайын сатып алу және сату шартының күші жойылды.

«Департамент қала прокуратурасымен бірлесіп «Мұз сарайын» мемлекет меншігіне қайтару бойынша шаралар қабылдады. Ағымдағы жылдың 27 мамырында бірінші сатыдағы сот «Спорт сарайы» ЖШС үлесін жеке меншікке 128 млн. теңгеге сатып алу-сату шартының күшін жойды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ», – дейді ҚР СЖҚІҚА Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин.