Ордабасы ауданында еңбек ардагерлері марапатталды

Ордабасы ауданында әкімнің еңбек ардагерлерімен кездесуі өтті. Биыл аудан құрылғанына 60 жыл толады. Өңір басшысы түрлі елді мекендерден келген 10 еңбек ардагерін марапаттап, оларға сәттілік тілеп, ауданның дамуына үлес қосқаны үшін алғыс айтты. «Ардагерлер ұйымы «жас ұрпақты тәрбиелеуде және Мемлекет басшысы айтқан» Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидаттарын іске асыруда маңызды рөл атқарады.

Азат Оралбаев, Ордабасы ауданының әкімі: «Ордабасы ауданының ел тарихында алар орны ерекше. Сізге Ордабасы ауданының 60 жылдығы қарсаңында ауданның экономикалық әлеуетінің қалыптасуына қосқан зор үлесіңіз үшін аудан халқы атынан ерекше алғысымыды білдіремін!»