«Отырар-TV» медиахолдингіне жаңа басшы тағайындалды

46
фото Отырар.кз

Өңірдегі ірі медихолдингке жаңа басшы тағайындалды. Жанна Қалмұратқызы 1980 жылғы 28 қазанда Шымкент қаласында дүниеге келген. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің «Экономикалық кибернетика» мамандығын бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы Ясауи атындағы ХҚТУ-дің «Бағдарламалау және ЕТ» кафедрасында бастады.

2004-2006 жж. Шымкент қ. Оңдасынов атындағы № 38 мектепте математика және информатика пәндерінен сабақ берді. 2006-2015 жж. BRAIM корпорациясының қаржы директоры және бас бухгалтері қызметтерін атқарды.

2015-2018 жж. «СА-Фари» ЖШС-нің бас бухгалтері. 2019-2021 жж. «Собкор» ЖШС-нің қаржы директоры. 2021-2022 жж. «Оңтүстік» ФТПМ мекемесінің қаржыгері. 2022 жылдан бері Financial advice ЖШС-нің аудиторы болды.

Жанна Қалмұратқызы Өтебаева еңбек жолында мықты менеджер, тәжірибелі басқарушы, нағыз кәсіби маман әрі білікті жетекші ретінде танылды.

Ал бұған дейін «Отырар-TV» медиахолдингін басқарып келген Айгерім Әбдіохапқызы Жұмағұлова басқа қызметке ауысып, Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы міндетін уақытша атқарушы лауазымына тағайындалды.