Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға лицензия беру қағидалары туралы

54

Ұлттық Банктің Түркістан облыстық филиалы кәсіпкерлер арасында «Қолма -қол» шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға лицензия беру» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Аталған мәселеге қатысты сұрақтар туындаған жағдайда Ұлттық банктің филиал мамандарына тікелей жүгінуге болады. Банк өкілдері тек кәсіпкерлер ғана емес кез-келген тұрғынға кеңес беріп, жол көрсетуге дайын

Қазақстан Ұлттық Банкі заңды тұлғаларға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензия береді. Бүгінде банк өкілдері айтулы жұмысты жүзеге асыру барысын тұрғындарға, оның ішінде кәсіпкерлерге жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен, валюта айырбастау барысында нендей қағидаттарға мән беру керек?

Заңды тұлғаның берілген лицензияға сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкі қолма-қол шетел валютасын басқа қолма-қол шетел валютасына, Қазақстанда қолма шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқылы. Қағидалардың талаптарына сәйкес уәкілетті ұйым жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады. ЖШС -тік құрылғаннан кейін құрылтайшы/ қатысушы заңды тұлға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензия және лицензияға қосымша қосымша алу үшін өтініш жасағанға дейін толық көлемде ақшалай нысанда жарғылық капиталды қалыптасыруы қажет.

Бағдат Байдуанов, «ҚР Ұлттық банкі» РММ Түркістан филиалының жиынтық экономикалық бөлімінің бас маманы

Лицензияны және лицензияға қосымшаны алу үшін ЖШС электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы төменде көрсетілген құжаттарды жолдайды.

1. Лицензияны және оған қосымшаны алуға электрондық өтініш;
2. Жарғының электрондық көшірмесі;
3. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
4. Екінші деңгейдегі банктің шетел валютасындағы банктік шотының болуы туралы анықтамасының электрондық көшірмесі

Уәкілетті ұйымның біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы келесі құжаттарды жолдау қажет.

1. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензия алуға өтініш және лицензияға қосымша;
2. Екінші деңгейдегі банк не ҚР бейрезидент-банктік филиалы құжатының электрондық көшірмесі (оның ішінде клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірме) лицензияны және лицензияға қосымшаны алуға өтініш берген күнге дейін күнтізбелік 30 күннен ерте емес берілген Қағидалардың 8-тармағының талаптарына сәйкес жарғылық капиталға жарна ретінде уәкілетті ұйымның банк шотына ақшаның есептелгенін растайтыцн құжат;
3. Екінші деңгейдегі банктің не ҚР бейрезидент-банктің филиалының кассирдің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс жөніндегі дайындықтан өткенін растайтын анықтамасының электрондық көшірмесі не 2015 жылғы 23 қарашадағы ҚР Еңбек кодексінде көқзделген және қызметтердің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс жөніндегі кассир ретінде кемінде 6 ай еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
4. Уәкілетті ұйымның жарғылық капиталына салымның шығу көзін ашатын құжаттың электрондық көшірмесі

Аталған мемлекеттік қызметті ҚҰБ филиалдары барлық құжаттарды ұсынған күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде электрондық үкімет веб-порталы арқылы көрсетеді.

Бағдат Байдуанов, «ҚР Ұлттық банкі» РММ Түркістан филиалының жиынтық- экономикалық бөлімінің бас маманы: «Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензия беру жөніндегі мемлекеттік қызмет 40 Айлық есептік көрсеткішті құрайтық лицензиялық алым төленеді»

Екінші деңгейдегі банктердің және Ұлттық пошта операторының, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айырықша қызметі болып табылады. Заңды тұлғалардың және қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғалардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 14 қаулысына сәйкес, айырбастау пункттерінің үй-жайлары мен жабдықтарына қойылатын талаптар бар.

Сұрақтар туындаған жағдайда:

Ұлттық Банктің Түркістан филиалына Түркістан қ. Тәуке хан даңғылы № 371 мекен-жайы бойынша, немесе 8 725 33 5 99 65 нөмірі бойынша хабарласуға болады.