Қайрат Нұртас бостандыққа шықты

1594

Ұшақтағы оқиғадан соң қамауға алынған әнші Қайрат Нұртас бостандыққа шықты. OTYRAR тілшісінің хабарлауынша, өнер иесін ата-анасы, достары, тіпті жанкүйерлері қарсы алды.

«Мен үшін алаңдап, қолдау білдіргендердің барлығына рахмет. Менде барлығы жақсы», — деді Қайрат Нұртас.

Әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова тілшімізге берген сұхбатында ешкімнің түрмеге түскенін қаламайтынын айтып, барлығына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, 5 шілде күні танымал әнші ұшақта танысымен жанжалдасып, оның соңы төбелеске ұласты. Қайрат Нұртас ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамалды.

Сот шешімімен келіспеген өнер иесі апелляциялық шағым түсірген. Бірақ шешім өзгеріссіз қалды.